Астананың спорт ареналары халықаралық кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айналды
Астананың басты спорт нысандарының бірі спорттық және демалыс инфрақұрылымын басқару саласындағы халықаралық кәсіби қауымдастықтың құрамына енді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Атап айтқанда, «Астана Арена» стадионы, «Барыс Арена» мұз айдыны және «Алау» мұз сарайы спорт нысандарын жобалау, пайдалану және дамыту саласындағы мамандарды 150-ден астам елден біріктіретін International Association for Sports and Leisure Facilities (IAKS) халықаралық қауымдастығының қызметіне интеграцияланды.
IAKS-ке мүшелік ареналарды басқаруда халықаралық тәсілдерді енгізу мен қолдануды көздейді. Негізгі назарда – жаппай іс-шаралардың қауіпсіздігі, навигацияның ыңғайлылығы, келушілер ағынын оңтайлы бөлу, кеңістіктерді әртүрлі форматтағы іс-шараларға икемді түрде түрлендіру, сондай-ақ қолжетімді және инклюзивті орта қағидаттарына сәйкестік мәселелері бар.
Сонымен қатар, кәсіби қауымдастыққа мүшелік халықаралық салалық зерттеулерге, мамандандырылған форумдарға қол жеткізуге және ірі спорттық турнирлер, концерттер мен әлемдік деңгейдегі шоу өткізумен айналысатын арена операторларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Халықаралық кәсіби өзара іс-қимылды кеңейту Астананың спорттық инфрақұрылымын жүйелі дамыту мен халықаралық ауқымдағы іс-шараларды қабылдауға дайындық деңгейін арттырудың маңызды элементі ретінде қарастырылады.
Другие новости
17 января в Казмедиа центре прошел Форум Capital Health, где Astana Tourism выступил информационным партнером форума.
Астана официально вошла в European Network for Accessible Tourism (ENAT), став первым городом в этом списке среди стран СНГ