+7 777 212 53 45
+7 777 212 53 45
17 қаңтарда «Қазмедиа орталығында» Capital Health форумы өтті. Astana Tourism форумның ақпараттық серіктесі болды.

17 қаңтарда «Қазмедиа орталығында» Capital Health форумы өтті. Astana Tourism форумның ақпараттық серіктесі болды.

22 января 2026 Астана

«Capital Health» форумы — салауатты болашаққа арналған жыл сайынғы ұлттық форум.

Форум аясында Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ибраев «Ұлт денсаулығы: 2026 жылғы сын-қатерлер және ЖИ-ге бетбұрыс» тақырыбындағы панельдік сессияда сөз сөйлеп, Астананың медициналық туризмі туралы баяндады және елордаға шетелдік пациенттерді тарту тетіктерін таныстырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жүйелі әрі ұзақ уақыт бойы қордаланған мәселелерін, соның ішінде мемлекет пен жекеменшік сектордың өзара іс-қимылын қамтиды. Мемлекет басшысының процестердің ашықтығы, цифрландыру және нақты пациенттерді дұрыс есепке алу қажеттігін тікелей атап көрсетуі ерекше маңызды. Бұларсыз тиімді қаржыландыру да, денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуы да мүмкін емес.

Бұл мәселелер медициналық туризмді дамыту үшін де түбегейлі маңызға ие. Ел таңдауда шетелдік пациенттер дәрігерлердің біліктілігі мен қызметтердің құнынан бөлек, түсінікті ережелерге, заманауи инфрақұрылымға, цифрлық сервистерге және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенім деңгейіне назар аударады. Қаржыландыруды, есепке алуды және жекеменшік медицинаны реттеуді жүйелеу Қазақстанның медициналық қызметтер саласындағы халықаралық бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.

Президенттің Астанада медициналық туризмнің өсіміне оң баға беруі де айрықша назар аударарлық. Бұл бағытта жүйелі жұмысты «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы жүргізіп келеді: ол клиникалар, туроператорлар және медициналық агенттер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, елорданы медициналық туризм дестинациясы ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетумен, инфотурлар ұйымдастырумен, салалық көрмелерге қатысумен және қаланың бірыңғай имиджін қалыптастырумен айналысады.

Толығырақ «Жүйеге деген сенім – шетелдік пациенттер үшін негізгі фактор» мақаласында.

Басқа жаңалықтар