Сипаттамасы
«EXPO» халықаралық көрме орталығы – ірі халықаралық және ұлттық көрмелерді, конгресс іс-шараларын және өзге де маңызды оқиғаларды өткізуге арналған көпфункционалды бизнес-алаң. Нысанның жалпы аумағы – 23 мың ш.м, оның 12 мың ш.м – көрме залының ауданы. Сондай-ақ, 6 200 ш.м немесе 120 көлік орны бар ашық автотұрақ кеңістігі ашық көрмелер өткізуге арналған. Трансформаланатын зал жобалардың кез келген форматы мен күрделілік деңгейіне бейімделуге мүмкіндік береді. Жалпы ауданы 613,4 ш.м болатын 4 конференц-зал бар. «EXPO» халықаралық көрме орталығы заманауи байланыс құралдарымен, инженерлік желілермен және ыңғайлы кіреберіс жолдарымен жабдықталған. Павильонның техникалық сипаттамалары құрылысшыларға стандартты да, эксклюзивті де көрме стендтерін орнатуға мүмкіндік береді.