Сипаттамасы
Конгресс орталығы – жалпы аумағы 43 200 ш.м болатын көпфункционалды мәдени-ойын-сауық нысаны. Үш жерүсті қабаты және 179 көлікке арналған жерасты автотұрағы бар. Нысан халықаралық конгрестерді, форумдарды, конференцияларды, ресми іс-шараларды, сондай-ақ спорттық және мәдени оқиғаларды өткізуге кең мүмкіндіктерге ие. Негізгі залдың ауданы – 3000 ш.м. Зал 2102 көрерменге арналған, ал 1610 орындық көрермен аймағы телескопиялық жылжымалы трибуналардан тұрады. Пресс-конференциялар мен кездесулер өткізу үшін Конгресс орталығында сегіз конференц-зал қарастырылған. Әр залдың сыйымдылығы 100-ден 600 адамға дейін, аумағы 170 ш.м-ден 688 ш.м-ге дейін. Ресми қабылдаулар дәстүрлі түрде панорамалық терезелері бар «ASPAN» VIP-залында өткізіледі. Залдың сыйымдылығы – 300 адам, ауданы – 780 ш.м. Конгресс орталығының 2300 ш.м болатын кең фойесі көрмелер, жәрмеңкелер, фуршеттер мен банкеттер ұйымдастыруға өте қолайлы.